Сервистік-шаруашылық қызмет көрсету департаменті

Басшылық

Түсіпов Руслан Аткелтірұлы

Департамент директоры

Құрылу тарихы

1964 жылы Медицина институты құрылғанынан бастап шаруашылық қызметі ұйымдастырылды, 1997 жылдан бастап әкімшілік-шаруашылық бөлім  деп аталған (ӘШБ), 2004 жылы –Шаруашылық басқармасы, 2009 жылы сервистік-шаруашылық бөлімі, 1 ақпан 2011 жылы сервистік шаруашылық басқармасы, 2015 жылдың  1 наурызынан бастап  сервистік-шаруашылық қызмет көрсету департаменті болып құрылды

Тапсырмалар

«2017-2021ж.ж  «Астана Медицина университеті» АҚ –ның стратегиялық даму жоспарын» жүзеге асыру. Университеттің бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жоғары деңгейде әкімшілік, оқу, тұрғын үй ғимараттарына қызмет көрсету;  Университеттің инфрақұрылымының, өндірістік ортасының  жұмысқа  жарамдылығын қадағалау ; ғимараттар  мен құрылыстарды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету; тұрғын, тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылар қызметінің  процестерін басқару; оқу процесін жақсарту үшін тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру; тапсырыс беруге қатысушылар үщін тең дәрежелі шарт қою,адал бәсекелестік, айқындылық, тапсырыс беру кезінде  жариялылық ұстанымдарын сақтау, қиянат жасау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, Университеттің «Сатып алуды ұйымдастыру» процесінің көрсеткіштерінің тиімділігін және нәтижелілігін жоғарылатуды қамтамасыз ету.  Университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық - техникалық ресурстармен, автокөлікпен қамтамасыз ету; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу және жетілдіру, соның негізінде жұмысты ұйымдастыру; Университеттің материалдық-техникалық базасын кеңейту және нығайту;өндірісте баспа өнімдеріне байланысты  еңбек шығыны мен материалдарды тиімді пайдалану,басып шығару  және баспа өнімдерін сатуды қамтамасыз ету.

Миссия және мақсаттар

Университеттің жөндеу-пайдалану және басқа да жеттіліктерін жоспарлы кезеңдері бойынша анықтау; университет ғимараттары мен үй-жайларын күту, санитария гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен ережелерді талапқа сай орындау; университет ғимараттары мен үй-жайларын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу ; қайта құру кешенді жоспарын қалыптастыру; сумен жабдықтау, ауа құбырлары жүйесі және басқа да құрылыстарды қамтамасыз ету; бекітілген сатып алу бюджеті мен жоспарына сәйкес университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық - техникалық ресурстармен қамтамасыз ету; абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру; мерекелік іс-шаралар кезінде ғимарат қасбеті мен холлдарды безендіру; университеттің ішкі бөлімшелернің сұранысына сәйкес тауарлық-материалдық құндылықтары мен қызметтерін жүзеге асыру барысында жоспар жасау және дамыту; мемлекеттік тауарларды сатып алу бойынша ай сайын мониторинг жүргізу; университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін орындау қажеттіліктерін қамтамасыз ету; еңбек жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Университеттің құрылымдық бөлімшелерін транспортпен қамтамасыз ету; баспа өнімдерін шығару жұмыстарын ұйымдастыру, жоғары сапалы қажетті баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ұсақ-баспа өнімдерін көшіріп, көбейту қызметін ұсыну.

Қызмет

Ішкі регламенттік құжаттарды әзірлеп, бөлімнің құзыреттілігіне байланысты ұйымдастыру, бөлім  қызметкерлерінің жауапкершілігі мен өкілеттілігі жөніндегі ережелеріне құжаттар дайындау; Бөлім ережесі мен қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарын жоспарлау университеттің алға қойған міндетіне және стратегиялық мақсатының орындауына атсалысу; Университеттің интеграциялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт бойынша  жұмыс істеуін қамтамасыз ету;  ISO 9001:2008, ISO 26000:2010, ISO 27001:2005, ISO14001:2004, OHSAS 18001:2007, MCISO 50001:2011, ISO 3100:2009 және сапа менеджменті бойынша Европалық қордың кемел үлгісіне сәйкес жұмыс істеу; бөлім қызметкерлерінің құзыреттілігін және берілген тапсырмалардың құзыреттілігіне сәйкестігін анықтау; бөлім қызметкерлерінің біліктілігін артттыру үшін бастамашылық ету; бөлімнің атқарған қызметтеріне мониторинг жүргізіп, стратегиялық дамыту бөліміне уақытында есеп беру.

МТҚ бөлімінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру; материалдық-техникалық құралдар мен қызметтердің қажеттілігін анықтау; қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен оларды сатып алуға және қызметтер көрсетуге өтінімдерді қабылдау.

Бөлімнің  негізгі атқаратын қызметі:   лифт шаруашылығы,  күзет және өрт сигнализациясы, электрондық өткізгіш және шлагбаумдарды бақылау, қызмет жеткізушілермен келісімшарт  жасау. Кестеге сәйкес қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, университеттің қызметкерлеріне  ӨС  бойынша нұсқау жүргізу; Астана қаласының ТЖ Басқармасының жоспарлап отырған тексерісіне сәйкес, құжаттарды дайындау және өрт қауіпсіздігі нормалары сақталғандығын тексеру; ТЖ болған жағдайда эвакуация бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу; Әскерге шақырылушы студенттерді әскери есепке қою, оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды жасау.

Транспорт қажеттілігіне байланысты құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен өтінім-хаттар бойынша қызмет көрсету.

Келесі баспа өнімдерін шығарады:  газеттер, кітаптар, мерзімді баспасөз, іскерлік бланктер, құттықтау хаттары және қосымша қызмет:түптеу жұмыстары, суреттерді өңдеу және баспа түрлерін дайындау; әртүрлі материалдар қолдану арқылы және әртүрлі технология бойынша баспа жұмысы жүргізіледі.

Байланыс деректері

Астана қаласы,  Бейбітшілік  49А, 51 корпус, 2 қабат, 203 кабинет,

Телефон: 8(7172) 53-95-46