Спорттық медицина және спортклуб орталығы

Басшылық

Саттыклышов Берік Сапарбайұлы

Орталығының басшысы

Медицина магистрі, спорт дәрігері, кардиолог, спорт маманы.

Кадрлық құрам

Атетов Ерден Бекбулатұлы

Бас маман

Шаймерденова Алия Жасуланқызы

маман

Құрылу тарихы

Спорттық медицина орталығы және спорт клуб 2019 жылдың ортасында спорт клуб базасында спорттық медицина және спорт саласындағы мамандардың қызметін біріктіру арқылы, білім беру және спорт, фитнес және саламатты өмір салты бойынша мамандар даярлау мақсатында құрылды.

Университеттің спорт клубының тарихы университетіміздің құрылған алғашқы күндерінен басталады. Көптеген жылдар бойы спорт клуб дене тәрбиесі кафедрасының құрамында болды. Кеңес жылдарында көптеген студенттер Целиноград медициналық институтының спорт клуб базасында жаттықты, олар кейінірек танымал дәрігерлерге айналды. Біздің түлектеріміз спорттың барлық түрлері бойынша жетістіктерге жетті, бұған университет музейінде сақталған спорттық наградалар дәлел болады. Спорттық ғимараттарымыз қарапайым болғанына қарамастан, біздің университеттің құрама командалары бүгінде қалалық және республикалық спартакиадаларда лайықты өнер көрсетіп, халықаралық жарыстарға қатысып жүр.

Осы жылдар ішінде А.Н. Фурса, А.В. Канайкин, Е.З. Аханов, С.Б. Бисембаев сияқты спортшылар спорт клубтың дамуына өз үлестерін қосты.

2011 жылы профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасының аға оқытушысы, университетіміздің түлегі Б.С.Саттыклышов студенттер мен қызметкерлердің спорттық дайындығын қамтамасыз ететін университеттің дербес бөлімшесі ретінде спортклуб құруды ұсынды. Университет басшылығының қолдауымен 2011 жылдың 1 сәуірінде жаңа бөлім спортклуб құрылды, бұл еліміздің көптеген университеттерінде осындай бөлімшелердің ашылуына себеп болды. Спорттық қозғалысты дамыту мақсатында Б.С. Саттықлышов басты екі спорттық жарысты ұсынды: «Ректор кубогы» және «Университет кубогы». Бірінші кубок студенттер командалары мен факультеттер арасында спорттың 16 түрі бойынша көптеген жарыстар өткізуге, кейіннен құрама команда құруға бағытталған. Университет кубогы Нұр-Сұлтан қаласының барлық университеттері арасында өткізіледі. Біздің университеттің құрама командасы қатысады. Өз университеттерінің кубогына ие болу студенттерімізді үлкен жұмыс атқаруға ынталандырады, бұл спартакиадалардың қорытындысында жақсы көрініс табады. Берік Сапарбайұлы спортклуб басқарған кезде джиу-джитсу күресінен үш спорт шебері мен жиырма төрт спорт шеберіне үміткерлерді, болашақ дәрігерлерді дайындады, сонымен қатар әртүрлі аталымдардан 300-ден астам медаль жеңіп алды.

2016 жылдан бастап спортклубты спорт саласының жас маманы, бокстан спорт шеберіне үміткер Е.Б. Атетов басқарды. Студент жастар мен университет қызметкерлері арасында жаппай сауықтыру қозғалысын дамыту үшін оған MUARAN сауықтыру жүгірісі ұсынылды. Алғашқы жаппай жүгіру 5 және 10 км қашықтықта өтті, студенттер үлкен қызығушылық танытты, ал кафедра қызметкерлері 10 км қашықтықта жақсы көрсеткіш көрсетті.

Әр жылдары спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Ержанов С.К., Кожемякина Н.Н., Капанова С.Н., Тынбаев Б.Е., Кудабаев К., Эстек Е., Олжабаев Д., Журавлев В., Беспалова И.Ф., Кемелбаев Ж. спортклубтың жаттықтырушылары болып жұмыс істеді.

Мақсаттар

- спорттық медицина бойынша жобалар әзірлеу және оларды іске асыру;

- студент жастар мен университет қызметкерлерін спортпен шұғылдануға және саламатты өмір салтын ұстануға шақыру

Қызмет

- жастарды салауатты өмір салтына тарту;
- университет қызметкерлерін және студенттерін оқу, жұмыс және демалыс режіміне дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды енгізу, салауатты өмір салттын, дұрыс тамақтануды насихатау;
- студенттердің спорттық дайындығын жетілдіру және университеттің құрама командаларын республикалық, халықаралық жарыстарға дайындау және жіберу;
- Қазақстан Республикасының және басқа шетелдердің спорттық студенттік ұйымдарымен халықаралық байланыстарды және ынтымақтастықты орнату;
- спорт дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- спорт дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларының, дәстүрлі спартакиалардың күнтізбелік жоспары әзірлеу және жүзеге асыру, олардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету;
- университеттің спорт бөлмелеріндегі спорттық құрылыстарды, мүліктерді және жабдықтарды тиімді және әсерлі пайдалану.

Жетістіктер

- MUARUN - бірінші жыл сайынғы университет марафонын ұйымдастыру.

- «АстМУ» КеАҚ-тың спорттық имиджін көтеру үшін, Республикалық және қалалық спорттық жарыстарда көптеген жеңістер мен жүлделері орындарға қол жеткізу.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік 51/а, 1 қабат, 104 кабинет
Ішкі нөмірі - 317 
E-mail: sattyklyshov.b@amu.kz