Симуляциялық орталық

Басшылық

Жумадилов Даулет Шаймарданович

орталық жетекшісі

Кадрлық құрам

Хамидулина Дана Муратовна

Бас маман

Хамидулина Динара Муратовна

Бас маман

Сулейменова Роза Жанатовна

жетекші маман

Турманова Мархабат Держановна

жетекші маман

Капанова Динара Серикпаевна

маман

Таласбаева Кинжегуль Шаменовна

маман

Құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын («Медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасын арттыру мақсатында медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы күшейтілетін болады; білім,ғылым практика арасындағы байланысты қамтамасыз ететін мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарының оқу клиникалық орталықтары құрылды.») Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында 2007 жылы «АстМУ» АҚ-та оқу-клиникалық орталық (бұдан әрі - ОКО) құрылды. 2019 жылғы қыркүйектен бастап симуляциялық орталық деп аталды


Мақсаттар

- орталықта клиникалық оқыту үшін тиісті білім беру ортасын қамтамасыз ету;

- интегрецияланған оқытуды ұйымдастыру және енгізу, оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, оқытуда және клиникалық машықтарды үйренуде робот-манекендерді, манекендер,  модельдерді,  тренажерлерді, автоматтандырылған виртуалды модельдерді, интерактивті компьютерлік оқыту бағдарламаларын,ішкі аурулар, педиатрия, хирургия, акушерия-гинекология, реанимация және анестезиология бағыттары бойынша аудио-бейне материалдарды пайдаланып, оқыту және клиникалық машықтарды бағалау үшін мүмкіндігінше стандартталған пациенттерді тарта отырып, клиникалық машықтарды үйрету;

- қазіргі заманғы талаптарға сәйкес білім беру процесін модернизациялауға және университеттің білім беру қызметін дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қатысу;

- студенттерді  өз бетінше оқу машықтарын қалыптастыру және өмір бойы оқыту принципін іске асыру;

- объективті құрылымдандырылған клиникалық емтиханды-OҚKE ұйымдастыру және өткізу;

- OҚKE өткізуді әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

- оқу бағдарламалары және клиникалық машықтарға арналған тест тапсырмалары бойынша мәліметтер базасын әзірлеу және құру;

- Оқу-клиникалық орталық жағдайында студенттердің клиникалық дайындығының сапасын мониторингілеу жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

 - OҚKE нәтижелерін және  клиникалық машықтар саласында студенттерді оқыту сапасын мониторингілеу бойынша  мәліметтер банкін әзірлеу және құру ;

 - ОКО оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау;

Мамандарды клиникалық даярлау сапасын жоғарылатуға, клиникалық машықтарды үйрету саласында оқытушы-профессорлар құрамының  біліктілігін арттыруға ықпал ету;

- орталықтың материалдық-техникалық ресурстарын дамыту, ұтымды бөлу және тиімді пайдалану.

Қызмет

Симуляциялық орталық (бұдан әрі - Орталық) – университеттің құрылымдық бөлімшесі студенттерге клиникалық құзіреттілікті дамытуға, қолдауға және жетілдіруге мүмкіндік береді, клиникалық машықтарды үйрену үшін қауіпсіз, сенімді білім беру ортасын қамтамасыз етеді.


Жетістіктер

simcenter.jpg

Байланыс деректері

Байланыс 
Бейбітшілік көшесі, 49А
5 қабат, 502 каб. 
тел: 53-95-21