Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы

Басшылық

Сапарова Ләйлім Тасболатқызы

Орталық Басшысы

2007 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығын басқарып келеді. Целиноград мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік медицина академиясының отбасылық медицина кафедрасының ассистенті, 2003 жылы кандидаттық диссертация қорғаған, 2004 жылдан балалар ауруларының пропедевтикасы курсы және №1 балалар аурулары кафедрасының доценті, 2008 жылдан бастап №2 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті. Дәлелдемелі медицина курсы және жалпы дәрігерлік практика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Құрылымдық бөлімшенің басшысы ретінде өзінің кәсіптік шеберлігін Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде Лондон (Англия),  Тель-Авив (Израиль) жетілдіреді. Халықаралық және республикалық басылымдарда жарық көрген 80-нен астам ғылыми жұмыстың, 3 оқу құралының және әдістемелік оқу құралының авторы.

Кадрлық құрам

Барлыбаева Айша Ермухановна

бас маман

Ибраева Алтынай Ибрайқызы

бас маман

Абдуллина Жупар Хайратовна

жетекші маман

Шаймерденова Анара Амангельдиновна

маман

Құрылу тарихы

Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы 2002 жылдың қаңтар айында ректораттың 07.01.2002 жылғы шешіміне сәйкес дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті болып құрылды.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК «Астана медицина университеті» АҚ болып  қайта құрылуына байланысты факультет атауы үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті болып өзгертілді. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап университет құрылымының өзгеруіне байланысты факультет атауы Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы болып өзгертілді. Университет стратегиясы Қазақстан  Республикасының білім алушылары мен медициналық кадрларының кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға, біліктілікті арттыруға және үздіксіз кәсіптік дамуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ал бұл стратегияны кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы 17 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Мақсаттар

Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы қызметінің мақсаты үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған білім беру қызметі.

Қызмет

Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы Денсаулық сақтау басқармасынан түскен өтінімдер негізінде,  «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» 005 бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерін, сондай-ақ  шарт негізінде циклдерді жоспарлайды және өткізеді.

Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы медицина саласы қызметкерлерін қосымша білім берудің барлық түрлері бойынша оқытады (күндізгі оқу, қашықтықтан оқыту):

- қайта даярлау – (мамандандыру) мамандығына байланысты 864 сағаттан 1080 сағатқа дейінгі көлемде (4-5 ай);

- біліктілікті арттыру – 54, 108, 162, 216 сағат (тиісінше 1, 2, 3, 4 апта).

ҚР медициналық ұйымдарының өтінімдері бойынша – семинарлар, мастер-кластар.

Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау медициналық қосымша білім берудің типтік оқу бағдарламаларына сәйкес 48 дәрігерлік мамандық бойынша (ҚР ДСМ 2017 жылғы 14 сәуірдегі №165 бұйрығы, ҚР ДСМ 2017 жылғы 26 тамыздағы №660 бұйрығы) жүзеге асырылады:

1.       Терапия (Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, жасөспірімдер терапиясы, диетология)

2.       Жалпы дәрігерлік практика ( отбасы медицинасы)

3.       Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер)

4.       Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалар)

5.       Ревматология (ересектер)

6.       Ревматология (балалар)

7.       Аллергология және иммунология (ересектер және балалар)

8.       Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)

9.       Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар)

10.  Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер)

11.  Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалар)

12.  Фтизиатрия (ересектер және балалар)

13.  Эндокринология (ересектер)

14.  Эндокринология (балалар)

15.  Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика) (ересектер)

16.  Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика) (балалар)

17.  Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, соттық-психиатриялық сараптама, соттық-наркологиялық сараптама)

18.  Балалар психиатриясы (наркология, психотерапия, медициналық психология, суицидология,сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)

19.  Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)

20.  Медициналық реабилитология (ересектер, балалар)

21.  Спорттық медицина

22.  Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)

23.  Сәулелік  диагностика  (рентгенология,   компьютерлік және магнит-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика)

24.  Сәулелік терапия (радиология)

25.  Функционалдық      диагностика     

26.  Клиникалық    зертханалық    диагностика

27.  Клиникалық фармакология 

28.  Сот-медициналық сараптама

29.  Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер және балалар)

30.  Инфекциялық аурулар (ересектер)

31.  Инфекциялық аурулар (балалар)

32.  Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер және балалар)

33.  Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)

34.  Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (балалар)

35.  Жалпы хирургия (торакальді, абдоминальді, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультадыбыстық зерттеу, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)

36.  Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар)

37.  Бет-жақсүйек хирургиясы (ересектер және балалар)

38.  Онкология (химиотерапия, маммология (ересектер)

39.  Онкология және гематология (балалар)

40.  Урология және андрология (ересектер және балалар)

41.  Офтальмология (ересектер және балалар)

42.  Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)

43.  Педиатрия (неонатология)

44.  Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, функционалды диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)Стоматология (ересектер және балалар)

45.  Денсаулық сақтау менеджменті

46.  Қоғамдық денсаулық сақтау

47.  Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)

48.  Мейірбике ісі және т.б.

Жетістіктер

- Педагогикалық шеберлік жетілдіріліп отырады, практикалық денсаулық сақтаумен байланысты кеңейту үшін инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу арқылы оқытудың икемді түрлері қолданылады: тұтынушыға бағдарланған өңірлік компонентті ескере отырып оқыту бағдарламаларын модульдік құру (оқытуда қолданылатын қашықтықтан оқыту технологиялары);

- Өңірлік білім беру нарығында көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін және сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда инновацияларды енгізу ұшін ақпараттық-коммуникациялық байланыс дамып келеді;

- Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы Қазақстан Республикасын және ТМД елдерін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіп келеді;

- Орталықтың қонақүй  типтес 30 орындық жеке жатақханасы бар.

Байланыс деректері

Мекен жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а.

Тел:(7172) 53-95-45, 53-95-23, 53-94-38