Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Басшылық

Сыздықова Айнұра Сайлавбаевна

Басшысы

1999 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылдан 2002 жылға дейін СММА аспирантурасында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында оқыды.

2004 ж. сәуір айында «Балалар арасындағы бронх демікпесінің таралуы және спецификалы иммунотерапияның тиімділігін арттыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2010ж. қаңтар айынан бастап ассистент «Астана медицина университеті» АҚ клиникаға кіріспе кафедрасында ассистент, доценттің м.а. қызметін атқарды.

2010 ж. қыркүйектен бастап  2019 жылғы тамыз айына дейін  «Астана медицина университеті» КеАҚ интернатура және жұмысқа орналастыру деканы болып қызмет атқарды,  2019 жылдың қыркүйегінен бастап дипломнан кейінгі білім беру орталығының басшысы болып жұмыс істейді. 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар.

Кадрлық құрам

Досхожина Гульнара Нығметжанқызы

деканның орынбасары

Қуанышқалиева Айнура Кайратовна

Бас маман

Сариева Жұлдыз Мұхамеджанқызы

бас маман

Тургумбаева Алтыншаш Габдуловна

жетекші маман

Галихайдарова Лариса Маратовна

Жетекші маман

Абжалиева Ұлпан Асылбекқызы

Маман

Жунусова Куаныш Омурзаковна

маман

Құрылу тарихы

Дипломнан кейінгі білім беру орталығы (бұдан әрі-ДкБ орталығы) интернатура және жұмысқа орналастыру бойынша деканатты және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатын қайта ұйымдастыру есебінен құрылды.

Дипломнан кейінгі білім беру орталығы – ЖОО департаменттері мен кафедралардың өзара іс-қимылын ұйымдастыратын және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын (интернатура мен резидентура) іске асыратын кафедралардың оқу процесін үйлестіретін құрылымдық бөлімше.

2009 жылы "Астана медицина университеті" АҚ құрылымының өзгеруіне және "АстМУ" АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешіміне байланысты интернатура секторы интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімі болып қайта құрылды.

2010 жылы "АстМУ" АҚ Директорлар кеңесінің 2.08.2010 ж.шешімімен интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімі интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат болып қайта құрылды.

Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Астана медицина универстиеті»  КеАҚ жаңа ұйымдық құрылымына сәйкес дипломнан кейінгі білім беру орталығы 2019 жылы 09 қыркүйекте интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканатты және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатын қайта ұйымдастыру есебінен құрылды.

Мақсаттар

Денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында интернатурада және резидентурада жоғары білікті мамандар даярлау.

Негізгі міндет – жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруға бағытталған білім беру процесін ұйымдастыру және интернатура мен резидентура түлектерінің практикалық дайындығын жақсарту, кәсіби деңгейін және олардың жеке дәрігерлік қызметке дайындық деңгейін арттыру.


Қызмет

Дипломнан кейінгі білім беру орталығының негізгі қызметі – фкультетте оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету. Дипломнан кейінгі білім беру орталығының қызмет түрлері:

-       оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингілеу және бақылау;

-       оқу мәселелері бойынша интерндер мен резиденттерге ақпараттық-анықтамалық кеңес беру;

-       білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялық және кәсіби бағдар беру жұмысы;

-       білім алушыларды даярлау сапасын жетілдіру, жаңа білім беру технологияларын енгізу;

-       жұмыс берушілермен байланысты қолдау;

-       білім беру қызметінің сапасы мәселелерін мәжілістерде жүйелі түрде қарау, талдау жүргізу, түзету және ескерту әрекеттерін, процестерді жақсарту бойынша ұсыныстарды қабылдау;

-       факультет қызметінің  сапасын мониторингілеу, кемшіліктерді жою және процестерді жақсарту бойынша іс-әрекеттер талқылау, талдау.

Жетістіктер

Интернатурада және резидентурада оқу кезінде білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде (Словения, Италия, Жапония, Түркия және т.б.) халықаралық алмасу бағдарламаларына үнемі қатысады, жүлделі орындарға ие бола отырып, спорттық және ғылыми қызметті дамытуға белсенді қатысады.

Жыл сайын «Астана медицина университеті» КеАҚ 1000-нан астам жас мамандарды практикалық денсаулық сақтау саласына шығарады. Барлық түлектер Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына сұранысқа ие және жұмысқа орналасады, осылайша жұмысқа орналасу көрсеткіші 90% - ды құрайды, оның ішінде түлектердің 30-40% -ы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруда.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а,

2-қабат, 51-корпус, 211-212-кабинет. 

тел. 53-94-45 (интернатура),

27-01-75 (Дипломнан кейінгі білім беру орталығының басшысы), 

53-94-26 (бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы).