Фармация факультеті

Басшылық

Шукирбекова Алма Боранбековна

декан

фармацевтика ғылымдарының докторы, 2008 жылдан осы уақытқа дейін фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі. Алматы мемлекеттік медицина институтының 1982 жылғы түлегі. 1991 жылы «Ликорин гидрохлорид в химико-токсикологическом отношении» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған (БФҒЗИ, Мәскеу қ.). 2010 жылы «Разработка и стандартизация лекарственных средств с противовирусной активностью на основе растительного сырья» тақырыбында докторлық диссертация қорғады («Фитохимия» ХҒӨХ, Қарағанды қ.). А.Б. Шүкірбекованың жетекшілігімен 1 ғылым кандидаты (М.Т. Джаканова, 2007ж.) және 2 магистр (А.О.Амренова, 2012ж.; Р.М. Искакова, 2014ж.) дайындалды. Оның 300 - ден астам ғылыми және оқу әдістемелік жарияланымдары, оның ішінде 1 монография, 1 оқулық, 4 оқу құралы, 5 алдын-ала патенті және инновациалық зияткерлік меншікке 1 инновациялық патенті бар. Халықаралық және республикалық маңызы бар 3 ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірлескен әзірлеушісі. А.Б. Шүкірбекова 040500 – «Фармация» мамандығына арналған ҚР МЖБС-ының көпдеңгейлі білім беру оқу бағдарламаларының әзірлеушісі және 2 типтік оқу бағдарламаларының бірлескен авторы. 040500 – «Фармация» мамандығына арналған «Токсикологиялық химия», 090200 – «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)», 040900 – «Өндірістің химиялық технологиясы» (2005ж.) типтік оқу бағдарламаларының авторы. А.Б. Шүкірбекова 051103 – «Фармация» (бакалавриат) ҚР МЖБС-ына сәйкес 4 пәндердің типтік оқу бағдарламаларының әзірлеушісі. «Фармация Казахстана» журналының редколлегия мүшесі. А.Б. Шүкірбекова ҚР ДСМ-нің (2002ж.) Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2004 ж.) төс белгісімен марапатталды; «Жоғары оқу орнының 2010 жылғы үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жеңімпазы.

Кадрлық құрам

Зейнульдина Айжан Сайпиденовна

декан орынбасары
химия ғылымдарының кандидаты

Садвакасова Әсел Мұратқызы

бас маман

Бекбергенов Қайрат Амантайұлы

маман

Құрылу тарихы

Факультет 2002 жылы құрылды. Факультеттің негізгі кафедрасы фармацевтикалық пәндер кафедрасы болып табылады. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының даму тарихы 2005 жылы жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы құрамында фармацевтикалық пәндер курсынан бастау алды. 2007 жылдың наурыз айынан бастап фармацевтикалық пәндердің дербес бөлімі ретінде жұмыс істейді. 
«Астана медицина университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің 07.04.2019 жылғы № 7 шешімімен фармация факультеті болып қайта құрылды. 
Факультеттің қызметі мемлекет пен университеттің стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Тапсырмалар

Миссиясы: жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүддесінде білімді, ғылымды, тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді интеграциялау негізінде ұлттық және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін білім беру қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету. 
Мақсаттары: кәсіптік қызмет саласында болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндердің модульдерін біріктіретін бірегей білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

Миссия және мақсаттар

Дамыту міндеттері:

·     Ұсынылатын білім беру қызметтерінің тізбесін кеңейту;

·     Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

·     Факультет кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын оңтайландыру;

·     Оқытушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру;

·     Студенттік ғылыми қоғамдардың белсенділігін арттыру;

·     Көрсетілетін ақылы қызметтер тізбесін кеңейту;

·     Студенттердің абсолюттік үлгерімін арттыру;

·     Деканат және факультет кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамының  жұмысын оңтайландыру;

·     Факультеттің магистранттары мен докторанттары арасынан жас мамандарды тарту;

·     Факультет оқытушылары қатарынан PhD докторларын дайындау;

·     Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс істеу.

 

Дамыту қағидалары:

·     Практикалық бағыттылығы;

·     Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл;

·     Интеграция деканат-Оқытушы-студент.

Қызмет

"Фармация" мамандығы бойынша "Бакалавриат" МЖМБС осы мамандық шеңберінде неғұрлым сұранысқа ие екі бағыт (оқу траекториясы) бойынша мамандар дайындауға мүмкіндік береді: жалпы практикалық фармацевт және клиникалық фармацевт. 
Бакалавриатты бітіргеннен кейін бітіруші 5В110300 Фармация мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі бар, біліктілігі – фармацевт дипломын алады. 
2019-2020 оқу жылында жаңа МЖМБС сәйкес "Фармация" мамандығының жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді. Осы оқу жылында "Фармация" мамандығы бойынша жоғары медициналық және орта кәсіптік фармацевтикалық білім базасында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану және жеделдетілген екі жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсы басталды.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ.

Бейбітшілік көшесі, 49а

(Бас ғимарат),

2-қабат, 209-каб.

Байланыс тел.: 8(7172) 53-94-32,

e-mail: sadvakasova.a@amu.kz