Мейіргер ісі кафедрасы

Басшылық

Салтабаева Улбосын Шералиевна

декан

Мейіргер ісі Кафедра меңгерушісі, MD., PhD.

Білімі: 2002-2017 жж., «Педиатрия» мамандығы бойынша бакалавриатты, интернатураны, резидентураны бітірген. «Астана медициналық университеті» КеАҚ-та «Медицина» мамандығы бойынша магистратураны және докторантураны аяқтаған. Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Поллиноздағы аллерген-спецификалық иммунотерапия түрлерінің тиімділігін салыстырмалы бағалау». 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Бірінші санатты дәрігер, аллерголог-иммунолог. ҚР аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының, Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі (EAACI). «Астана медицина университеті» КеАҚ-та мейіргер ісі факультеті кеңесінің төрайымын «Астана медицина университеті» КеАҚ-та «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша, гигиеналық пәндер және профилактикалық медицина кафедрааралық кеңестің мүшесі.

Кадрлық құрам

Ибышева НургульТалгатовна

ассистент

Кафедрада оқу ісінің меңгерушісі. Мейіргер ісі магистрі. Жаңа білім беру бағдарламалары мен инновацияларды енгізуге жауапты. Ғылыми жұмысқа, СҒҚ және КІБ, өзара сабаққа қатысу жұмыстарына жауапты.



Нурханова Альбина Алибековна

ассистент

Мейіргер ісі магистрі. СМЖ және экологиялық менеджментке жауапты. Кафедра отырысының хатшысы.




Әләйдарова Мереке Есаенгалиевна

ассистент

Мейіргер ісі магистрі. Қазақ тілінде және ағылшын тілінде оқыту сапасын әдістемелік қамтамасыз етуге жауапты.

Құтыбаева Бакытжан Саматовна

ассистент
Орыс тілінде оқыту сапасын әдістемелік қамтамасыз етуге және сайтқа ақпарат жариялауға жауапты.

Туребекова Айгерим Ганиевна

ассистент

Клиникалық жұмысқа жауапты.

Буркитбаева Асем Жолдыкановна

ассистент

Тәрбие жұмысына және кәсіптік бағдар беруге жауапты.

Құрылу тарихы

Кафедра 2019 жылы тамызда құрылды. 

Мақсаттар

Студенттердің клиникалық және теориялық мейіргерлік дайындығын қамтамасыз ету, кәсіптік құзіреттілікті, лидерлікті, ұжымдық жұмысты нығайтуға, сондай-ақ мейіргер ісі саласындағы жаңа білімді талдауға және оны қолдануға қабілетті мейіргерлік қызмет басшыларын дайындау.

Қызмет

Кафедрада «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» факультеттерінің студенттері әртүрлі жастағы пациенттерге жалпы және мамандандырылған күтім жасау, аурудың сипаты және оның алдын алу, сонымен қатар саламатты өмір салтын қалыптастыру, тіршілік қауіпсіздігі, әртүрлі бейіндегі мейіргер ісі, паллиативтік көмек және т. б. бойынша негізгі клиникалық білім мен манипуляциялық машықтарды меңгере отырып өз мамандығына сәйкес білім алады. 
Кафедрада алғашқы рет практикалық мейіргерлер болып табылатын ассистент менторлар жүйесі енгізілді және олардың жұмысы кафедраның оқытушы-профессорлар құрамымен келісіледі. 
2019 жылдан бастап Халықаралық директиваларға сәйкес жоғары мейіргерлік білім алуға мүмкіндік беретін кәсіптік және техникалық орта білімі бар практикалық мейіргерлер үшін қашықтықтан оқыту элементтері бар күндізгі оқу жүйесі енгізілді. 
Кафедраның оқыту қызметі жоғары кәсіптік жоғары оқу орнынан кейінгі мейіргерлік білім беруге де бағытталған.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Тұрар Рысқұлов көшесі 12,

ШЖҚ «№3 қалалық көпсалалы балалар ауруханасы» МКК