Медицина негіздері кафедрасы

Басшылық

Қуанышбаева Гаухар Серикқызы

кафедра меңгерушісі
MD., PhD, кафедра меңгерушісі. Педагогикалық өтілі 7 жыл. "Емдеу ісі" мамандығы бойынша "МУА"АҚ. Мамандығы бойынша Интернатура; "Эндокринология"мамандығы бойынша қайта даярлау. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша Магистратура; "Қоғамдық денсаулық сақтау"мамандығы бойынша докторантура. Ғылыми зерттеу бағыты: клиникалық психология, дәрігерлердің коммуникативтік құзыреттілігі. Ғылыми мектебі: Астана медицина университеті. Докторантура, диссертация тақырыбы: "дәрігердің кәсіби қалыптасуындағы коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру"»

Кадрлық құрам

Мусина Гүлзат Базарбайқызы

Аға оқытушы
п.ғ. магистрі кафедраның оқу ісіне жауапты, завуч. Сапа жөніндегі уәкілетті. КІБ және ОПҚ СӨҚ журналдарын бақылау жауапты. Оқу және әдістемелік құжаттарды , тесттерді, ситуациялық есептерді орыс тілдерінде толықтыруға жауапты.

Шакей Жанаргүл Шайкеқызы

оқытушы
ақпараттық қауіпсіздікке және ақпаратты сайтқа орналастыруға жауапты, кафедралық отырыстың хатшысы, кафедра хаттамасына жауапты. Оқу-әдістемелік құралдармен тестілік, ситуациялық есептерді қазақ тілінде даярлау мен толықтыруға жауапты.

Мыканова Айнур Маратқызы

оқытушы
Кафедраның ҒЗЖ, СҒЗЖ мен ғылыми-ақпараттық жұмысқа, оқу-әдістемелік құралдармен тестілік, ситуациялық есептерді қазақ тілінде даярлау мен толықтыру жауапты. Шаруашылық іс әрекеттік жабдыққа жауапты. ( бұйрық (д.24.10.17. пр №701 )

Ильясова Бахыт Мұқатайқызы

Аға оқытушы
тәрбие және кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты. Профорг. Техникалық, кәсіби, экологиялық, энергоменеджмент қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті. Оқу-әдістемелік құралдармен тестілік, ситуациялық есептерді қазақ тілінде даярлау мен толықтыруға жауапты.

Құрылу тарихы

Кафедра 2017 жылы тамыз айында құрылды.

Тапсырмалар

- Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес студенттерді оқытудың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауы, оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және инновациялық технологияларды жоспарлау және жүргізу

Функциялар

- кафедраның дайындық бағыттары мен мамандықтары бойынша Даму стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту;

- Мамандарды даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлеу;

- Оқытудың түрлері бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу;

- Педагогикалық жүктемеге сәйкес кафедра қызметкерлерінің Электрондық үлгерім журналын жүргізуі;

- Қызметкерлердің оқу, әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстары мен студенттермен тәрбие жұмысының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау мәселелері бойынша кафедра отырысын өткізу;

- Кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- Кафедралардың бейіндері бойынша оқу үдерісін кешенді оқу-әдістемелік және ұйымдастыру – әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оқу және өндірістік практикалардың профедиясын жүргізу;

Қызмет

Кафедра меңгерушісі Қуанышбаева Г.С. 2017- 2018 оқу жылында «Астана медициналық университеті» АҚ «Үздік оқытушы» номинациясы бойынша лауреат дипломымен марапатталды.Кафедраның аға оқытушысы Сатыбалдина М.Б. 2017- 2018 оқу жылында «Астана медициналық университеті» АҚ «Үздік дәріскер» номинациясы бойынша лауреат дипломымен марапатталды.

Байланыс деректері

Астана қ., Қабанбай б. 29/1.

Телефон: 511-387