Филология пәндері кафедрасы

Басшылық

Жарықова Дидар Рымжанқызы

кафедра меңгерушісі

«Астана» медицина университетінде 1991 жылдан қызмет атқарып келеді, 2007 жылдан бастап кафедра меңгерушісі лауазымында.

Филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к,доцент Жарықова Дидар Рымжанқызы 1968 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы квалификациясын алды.

1991 жылы мемлекеттік жолдамамен Целиноград мемлекеттік медицина институтына оқытушы лауазымына қабылданды.

Осы жылдар аралығында аға оқытушы лауазымынан доцент, кафедра меңгерушісі лауазымына дейін көтерілді.

2010 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1991 жылдан күні бүгінге дейін университетте қызмет атқарып келеді, 2007 жылдан бастап кафедра меңгерушісі лауазымында.

Осы уақыт аралығында университет көлемінде де, жалпы Республика, қала аумағында мемлекеттік тілді дамытуда өз үлесін қосып келеді. Астана қаласы тілдер басқармасының құттықтау грамотасымен және «Құрметті ұстаз» төс белгісімен марапатталды. Ол «Қазақ тілі», «Шипагерлік баян тағылымдары», «Қазақ тілінен жаттығу жұмыстары» атты оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Алыс-жақын шетелдерге бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді. Евразия телеарнасының «Сөз орамы» бағдарламасына үнемі тұрақты түрде тіліміздің этимологиясына қатысты сұхбат беріп келеді

Кадрлық құрам

Қайырбаева Құралай Төлеуханқызы

Доцент, м. ғ. к.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты.

Дюсембаева Гүлхан Өмірбайқызы

Доцент
.- филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты.

Бекенова Сакып Қаданқызы

оқытушы

Доскенова Қорлан Аралбаевна

аға оқытушы

Абдрахманова Көпей Купешовна

Аға оқытушы
гуманитарлық ғылымдар магистрі

Қосдәурова Жанар Жұмабекқызы

аға оқытушы
педагогика ғылымдарының магистрі

Омартаева Гульфайруз Еркінбайқызы

аға оқытушы
гуманитарлық ғылымдар магистрі

Қойлыбаева Кенжегуль Қабиқызы

Аға оқытушы
педагогика ғылымдарының магистрі

Молдағалиева Раушан Шамжановна

Аға оқытушы

Неталин Дархан Карымсакович

Аға оқытушы

Сәуле Иманғалиқызы Ізбасарова

аға оқытушы

Фазылова Айгүл Иманғазықызы

аға оқытушы

Топанова Майра Секеновна

аға оқытушы

Нурашева Гаухар Кожахметовна

аға оқытушы

Алькеева Сәуле Мұхамеджанқызы

Аға оқытушы

Баймағамбетова Күлбаршин Нұрбайқызы

Аға оқытушы

Мукатаева Айсулу Құланбайқызы

Аға оқытушы

Жүсіпова Азина Ризабекқызы

Аға оқытушы

Жүсіпова Дәмелі Қайратқызы

оқытушы

Елубек Салтанат

оқытушы

Сармекенова Әсел Махметқызы

аға оқытушы

Нұрсадықова Жанар Дулатқызы

оқытушы

Тәжібаева Жанагүл Ешманқызы

аға оқытушы

Шаймерденова Гульсана Оралкызы

аға оқытушы

Жамалиева Әлия Қаратайқызы

аға оқытушы

Қарбаева Айман Сериковна

аға оқытушы

Тулекеева Сания Аскаровна

аға оқытушы
педагогика және психология ғылымдарының магистрі.

Секбаева Жупар Дюсембаевна

аға оқытушы

Коляева Людмила Сергеевна

оқытушы

Рысқұлова Әлия Шымкентқызы

оқытушы

Айткужина Айжан Жангелдинқызы

Аға оқытушы

Бабжанова Гүлнара Жетпісбайқызы

аға оқытушы

Сматова Арайлым Женисбаевна

оқытушы

Хамитова Шәрбан Махметқызы

аға лаборант

Құрылу тарихы

Шет тілдері кафедрасы 1964 жылдан бастап жұмыс істеді. Целиноград медициналық институтының алғашқы шет тілдері кафедрасы меңгерушісі И.П. Сердюк. Оның орнын Л.П. Абрамов алмастырды. 1984 жылы кафедраны филология ғылымының кандидаты, доцент Е.Я.Шаференко басқарды.1999 жылы шет тілдері кафедрасының меңгерушісі болып аға оқытушы Г.П. Левус тағайындалды. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2019 жылға дейін кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент ҚР білімінің құрметті қызметкері Калиева Айжан Каирбековна басқарды.

Университет тарихында қазақ тілі кафедрасы 1990-1992 жылдары орыс тілі кафедрасының құрамында құрылды, ал орыс тілі кафедрасы 1964 жылдан бастау алған. 1990-1992 жылдары кафедраны аға оқытушы Шляпова Алевтина Михайловна басқарды.

1992 жылы маусым айында «Қазақ тілі» жеке кафедра болып құрылды.

Кафедраға аға оқытушы Доскенова Қорлан Аралбайқызы меңгеруші болып тағайындалып, 1997 жылға дейін басқарды.

1997 -1999 жылдары кафедраны ф.ғ.к., доцент Қожанов Манасбай Қожанұлы басқарды.

2005-2007 жылдары жеке кафедра ретіндегі «Қазақ тілі» кафедрасына аға оқытушы Доскенова Қорлан Аралбайқызы қайта басшылық жасады.

2007 жылдан бастап Қазақ тілі кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жарықова Дидар Рымжанқызы басқарды.

2014 жылы «Қазақ тілі» мен «Орыс тілі» кафедралары «Филологиялық пәндер» кафедрасының құрамына біріктірілді. Кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дидар Рымжанқызы Жарықова тағайындалды.

Қазір кафедрада 3 ғылым кандидаты, 26 аға оқытушы, оның ішінде 14 ғылым магистрі, 3 оқытушы және 1 лаборант оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарын бірге атқарып келеді.

2019 жылдан бастап «Филологиялық пәндер кафедрасы» мен «Шетел тілі» кафедрасы біріктірілді және кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Д.Р.Жарықова тағайындалды.

Мақсаттар

-          Оқытушылардың педагогикалық-кәсіби біліктілігін көтеру;

-          Кәсіби дайындалған ғылыми-педагогикалық кадрлар санын арттыру;

-          Оқытушылардың оқу сапасын арттыру;

-          Оқу үдерісіне жаңа инновациялық тәсілдерді ендіру;

-          Түрлі ғылыми-әдістемелік конференцияларға, семинарларға қатысу;

-          Студенттердің оқу-тәрбие жұмысын бірлікте қарастыру;

-          Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық квалификациясын арттыру;

-          Оқу процесіне жаңа инновациялық тәсілдерді енгізу.

 

Функциялар

  • -          Заманауи  білім  беру  туралы  семинарлар, оқу-әдістемелік конференцияларға, курстарға  қатысу;
  • -          Семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын, оқу-әдістемелерін жетілдіру;
  • -          Интербелсенді технологиясы негізінде ашық сабақтар жүргізу;
  • -          Кітапханалармен келіссөз жасау.

Қызмет

-          Заманауи  білім  беру  туралы  семинарлар, оқу-әдістемелік конференцияларға, курстарға  қатысу;

-          Семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын, оқу-әдістемелерін жетілдіру;

-           Интербелсенді технологиясы негізінде ашық сабақтар жүргізу;

-          Кітапханалармен келіссөз жасау.

         Филологиялық кафедра университеттің ғылыми, мәдени өмірімен біте қайнасқан. Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық, университеттер арасында өтілетін ғылыми конференцияларға қатысуда, қоғамдық жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен ат салысады. 
    Университет тарихында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселелері айрықша орын алады. Университеттің мемлекеттік тілді меңгеру саясаты кафедраның ажырамас бөлігі болып табылады. Оқудың жаңа тәсілдері негізінде оқыту сапасын арттыру. Шет тілдерінде мастер- класстар өткізу. Тілдерді дамыту Департаментімен байланысты арттыру.Оқу барысында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру. Электронды және оқу- әдістемелік құралдар түрінде басылымдарды жарыққа шығару.

Жетістіктер

«Филологиялық пәндер» кафедрасы үздіксіз өсу жолында. Кафедра оқытушылары жыл сайын халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференциялар мен семинарларға белсене қатысып, өз еңбектерін жариялап отырады. Екі оқытушы филология ғылымдарының Кандидаты және арнайы комиссиядан өтіп, доценттік атақтарын бекіткен. 
Қазіргі кезде кафедрада ғылыми педагогика саласы білімімен қаруланған оқытушылар қызмет атқарып келеді, 3 ғылым кандидаты, доцент, 14 магистр,26 аға оқытушы, 3 оқытушы, 1 аға лаборант. Кафедра қызметкерлері 16-дан астам оқу-әдістемелік құралдарды баспадан шығарды, бұл басылымдар тек қана Қазақстанда емес, Ресейде де жарық көрген. 100-ден астам ғылыми баяндамалар жарияланған.  
2011 жылы кафедра меңгерушісі Д. Р. Жарықова, аға оқытушы 
А.М. Шляпова «Құрметті ұстаз» төс белгісімен марапатталды. 
Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы аға оқытушы Қ.А.Доскенова, С.К. Бекенованы көпжылдық еңбегінің жемісі үшін «Құрмет грамотасымен», университет кафедра оқытушыларын қажырлы еңбектері үшін алғыс хаттарымен марапаттады. Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта жемісті еңбек етуде. 

Кафедра филологических дисциплин.jpg


Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы,
Сарыарқа көшесі 33,
5 қабат 
тел: 44-41-32
е-mail:didar6868@mail.ru