• “Каспий елдерінің бірінші пәнаралық эндохирургиялық конгрессі”. Конгресс шеңберінде ғылыми сессиялармен бірге инновациялық әдістерді ұсынатын хирургиялық шеберлік мектептері өткізіледі. Ақтау қаласының клиникалық базаларында заманауи жоғары технологиялық операцияларды жасау және ТМД елдеріндегі үздік клиникаларда дистанциялық сессиялар өткізу жоспарда. Толығарақ....

Біздің facebook парақшамызға тіркеліңіздер - www.facebook.com/MeduniverAstana/ facebook-logo-news.png

Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылуына байланысты, университетте барлық нормативтік-құқықтық құжаттарды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаналықтар

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі Астана медицина университетінің өкілдерін Медицина қызметкері күніне орай құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. 
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған Даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 15 қазаннан 2019 жылғы 11 маусымға дейінгі аралықта 60 оқытушы мен қызметкерлер 2018 жылғы 12 қарашадағы №385-ң/қ бұйрыққа сәйкес «Elementary», «Pre-Intermediate» және «Intermediate» II-IV деңгейлері бойынша «Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары» атты семинарды аяқтады. 
Ағаш отырғызу әрқашан жаңа бастаудың белгісі және бұл мәні ерекше салттардың бірі. Жас көшет – бұл жаңа өмір! Осындай жақсы ниетпен Астана медицина университетінің басшылығы университеттің 55-жылдығына орай шыршалар отырғызды. «Осы іс-шара университеттің 55 жылдық мерейтойын атап өтудің бастамасы», – деді ректор Дайнюс Павалькис.
15-25 мамыр аралығында академиялық мобильділік шеңберінде Неврология кафедрасының ассистенті Ләйла Хыдырпатша «Медиполь» Стамбулдық университетіне барып, университет ректоры Сабахаттин Айдынмен кездесті.
7 маусымда кафедра меңгерушілеріне «Сәтті коммуникациядағы нейролигвистикалық бағдарламау» атты семинар-тренингі өткізілді. Лектор – «АстМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбеков. 
2019 жылғы 11-12 мамыр күндері Астана медицина университетінде «Жалынды жастар – еңселі ел болашағы» атты Республикалық интеллектуалдық пікірсайыс турнирі өтті. Аталмыш турнир «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 55-жылдық мерейтойына орай және «2019 жыл – Жастар жылы» аясында өтті.
Бірінші астаналық урологиялық форумның шеңберінде Астана медицина университетінің ректоры Дайнюс Павалькис Ali-Serdar Goezen Heilbronn, Еуропалық урологтар қауымдастығының өкілімен кездесті. Екі жақ университеттің қауымдастықпен бірге жұмыс жасауы туралы сұрақтарды талқылады.
Бірінші астаналық урологиялық форумда 100-ден астам урология саласының мамандары Қазақстанның, Германияның, Грузияның, Ресейдің түрлі аумақтарынан жиналды.
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 27-31 мамыр аралығында 16 оқытушы «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар» атты 54 сағатты құрайтын семинарды тәмамдады.
Ағымдағы жылдың 25-наурыз және 25-мамыр аралығында «Жалпы медицина» факультеті 5 курс студенті Оразмахан Дастан «Академиялық мобильділік» бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік Корея, Сеул қаласының келесі ауруханаларында: H+ Yangji Hospital, Yoncei University College of Medicine (Severance) және Asan Medical Center тәжірибе алмасып қайтты.